Жетісу облысында полиция есірткі заттарын таратпақ болған 19 жастағы тұрғынды ұстады, деп хабарлайды 24KZ.
Полиция қызметкерлері Көксу ауданындағы Балпық би ауылында, жанармай құю бекеттерінің бірінің маңында Daewoo көлігін тоқтатқан. Көлік салонында көршілес ауданның 19 жастағы тұрғыны болған.
Көлікті тексеру кезінде полицейлер скотчпен оралған пакет тапты. Оның ішінен одан әрі таратуға дайындалған 310 орама ұнтақ тәрізді зат тәркіленді.
Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттардың құрамында есірткі және психотроптық заттар болған. Атап айтқанда, 65 грамнан астам мефедрон, 79 грамнан астам α-PVP және шамамен 17 грамм гашиш анықталды.
Осылайша, полиция есірткі және психотроптық заттардың ірі көлемдегі партиясын одан әрі таратуға жол бермеді.
Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта тыйым салынған заттардың қайдан алынғаны және оларды әрі қарай тарату арналары, сондай-ақ істің өзге де мән-жайлары анықталуда, — деп хабарлады полиция.
Ведомство есірткінің заңсыз айналымы арналарының жолын кесу және анықтау бойынша жұмыстар жалғасып жатқанын атап өтті.
Тегтер #Жетісу облысы #есірткі #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz