Атырау облысында биыл жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Жыл басынан бері өңірде қала, аудан және ауылішілік 198 шақырым жол жөнделді.
Биыл облыста 52 елді мекенді байланыстыратын, жалпы ұзындығы 320 шақырымға жуық жолды жөндеу жоспарланған. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 15 млрд теңге бөлінді. Қазір Индер мен Қызылқоға аудандарын байланыстыратын күре жолдың 87 шақырымы жөндеуден өтті. Сонымен қатар Жылыой ауданында 7, Индер ауданында 6 жоба бойынша жұмыстар жалғасуда. Жалпы биыл қолға алынған жол жөндеу жұмыстары аясындағы 82 жоба толық жүзеге асса, өңірдегі жолдардың сапасы 86 пайызға дейін жақсарады.
Әсет Оразғалиев, Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы:
- Сонымен қатар Құрманғазы ауданындағы Утера-Катяевка жолы 29 шақырымды құрайды. Бүгінгі таңда аяқталды. Пайдалануға беру жұмыстары орындалып жатыр. Сонымен бірге Қызылқоға ауданында 45 шақырымды құрайтын Тайсойған ауылына кірме жол жобасы да аяқталып, пайдалануға беру жұмыстары орындалып жатыр.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Атырау #жол құрылысыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz