RU
Толық нұсқаға өту

Президент тапсырмасымен педагогтерді аттестациялау талаптары өзгереді

26.08.2026, 15:40 35

Президент педагогтерді аттестациялау талаптарын оңтайландыруды тапсырды. Мемлекет басшысы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұйымының жұмысын сынға алды.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, ұстаздардан аттестация ережесін қайта қарау туралы көптеген өтініш түскен. Мұғалімдер артық жүктеменің және қағазбастылықтың көп екенін айтып, шағымданып отыр. Осыған орай, Президент педагогтерді аттестациядан өткізу талаптарын жетілдіруді тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Білімді әділ бағалау – білім беру жүйесінің өзегі. Бізге мейлінше түсінікті әрі ашық жүйе керек. Бұл – өте маңызды мәселе, оны қарастырған кезде жоғары жауапкершілік пен мінсіз кәсібилік таныту қажет. Тиісті министрлік бұл мәселемен айналысып, көп ұзамай нақты ұсыныстар беруге тиіс. Біліктілікті көтеру бағдарламаларына жаңа Конституция құндылықтарын, сондай-ақ, «Заң мен тәртіп», «Адал азамат», «Таза Қазақстан» идеяларын енгізген жөн, бұл қызметтік міндет деп айтуға болады. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz