RU
Толық нұсқаға өту
фото: ҚазАвтоЖол

Ақылы жолдарда төлем жасаудың жаңа тәсілі ұсынылды

26.08.2026, 15:19 36

«ҚазАвтоЖол» ақылы жолдардағы төлемді жылдам әрі автоматты түрде жүргізуге мүмкіндік беретін RFID-белгілерді пайдалануды ұсынады, деп хабарлайды 24KZ.

Арнайы құрылғы көлікке орнатылып, оның мемлекеттік нөмірі мен жүргізушінің жеке шотына байланыстырылады. Көлік төлем алу пунктінен өткен кезде жүйе оны автоматты түрде танып, жол ақысын шоттағы қаражаттан есептен шығарады. Осылайша, жүргізушіге көлікті тоқтатып, қолма-қол немесе басқа тәсілмен төлем жасаудың қажеті жоқ.

RFID-белгілер тегін беріледі. Оны республикалық маңызы бар ақылы жолдардағы төлем алу пункттерінен алып, сол жерде көлікке орнатуға болады. Мамандар құрылғыны жүйеге тіркеуге көмектеседі.

Компанияның мәліметінше, технология төлем алу пункттерінің өткізу қабілетін арттырып, әсіресе көлік қозғалысы жоғары кезде кезекті азайтуға және жүргізушілердің уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді.

«ҚазАвтоЖол» жүргізушілерге RFID-белгіні алдын ала алып, жеке шоттағы қаражаттың жеткілікті болуын қадағалауды ұсынады.

RFID-белгіге қатысты толық ақпаратты 1403 нөмірі арқылы «ҚазАвтоЖолдың» бірыңғай байланыс орталығынан алуға болады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz