RU
Толық нұсқаға өту

Түркістан облысында мал биржасы салынады

26.08.2026, 21:19 30

Түркістан облысында австралиялық тәжірибе бойынша мал биржасының құрылысы басталды. Заманауи кешен Сайрам ауданының Ақсу елді мекенінде салынады.

Ауыл жанынан құрылысқа 24 гектар жер бөлінді. Қазір жер тегістеу, іргетасын қалау жұмыстары жүріп жатыр. Қажетті материалдар мен металл құрылғылар Австралия мен Түркиядан жеткізіледі. Жоспар бойынша кешен келесі жылы іске қосылады.  Нәтижесінде мал саудасы халықаралық талаптарға сай ұйымдастырылады. Сала мамандарының айтуынша, бұл экспорттық әлеуетті арттыруға мүмкіндік береді. 

Нұралхан Көшеров, облыс әкімі:

- Жалпы жобаның құны 5,2 млрд теңгені құрайды. Осы биржада бір мезгілде 4 мың жылқы, 5 мың ірі қара, 10 мың ұсақ мал қабылдауға мүмкіндігі бар. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев инвестиция тарту, ауыл шаруашылығын дамыту және жаңа жұмыс орындарын ашу бойынша нақты тапсырмалар берген болатын. Осы бағытта біз жұмысты атқарып келе жатырмыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz