RU
Толық нұсқаға өту

Алматыда қағаз қалдықты қайта өңдеу көлемі артады

26.08.2026, 21:27 29

Алматыда қағаз қалдықтарын қайта өңдейтін кәсіпорындардың қуатын арттыру жоспарланып отыр. 

Қалада макулатураны кәдеге жаратып жүрген екі ірі компания бар. Негізінен гофрокартон жасайды. Олар жылына 137 мың тонна өнім шығарады. Енді осыны 200 мың тоннаға жеткізсек деген жоспар бар. Бұл бағытта Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен өндіріс орындарының жабдықтары жаңартылып жатыр. Мегаполистегі екі компанияға қалдықтарды кәдеге жарату алымы есебінен 37 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Бүгін журналистер «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы аясында кәсіпорынның жұмысымен танысты.

   
Павел Терехов, компания құрылтайшысы:

- Бізге мемлекет тарапынан жақсы қолдау бар. Менің артымда тұрған жабдықты да сол қолдаудың арқасында алдық. Одан бөлек, кәсіпорынды қайта жарақтандыру және өндіріс қуатын арттыру үшін де қаржы беріп отыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz