RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

16 жұмысшы қаза тапты: Қостанайда өндірістік жарақаттар неге есепке алынбаған

27.08.2026, 13:00 24

Қостанай облысында өндірістік жарақаттанудың 26 жағдайы есепке алынбаған. Осы жазатайым оқиғалардың салдарынан 16 жұмысшы қаза тапқан. Бұл туралы облыстық прокуратура мәлімдеді, деп хабарлайды «24KZ».

Қадағалау органы 2024–2025 жылдар және 2026 жылдың өткен кезеңіндегі еңбек қауіпсіздігіне қатысты жағдайды тексерген.

Тексеру барысында медициналық ұйымдардан түскен 22 хабарлама бойынша арнайы тергеу жүргізілмегені анықталды. Ал тергеу тәртібі бұзылған 8 іс бойынша қабылданған шешім кейін сот арқылы жойылған.
Прокуратураның мәліметінше, ауыр немесе адам өліміне әкелген жазатайым оқиғалар болған 9 кәсіпорында алдын алу шаралары тиісті деңгейде жүргізілмеген.

Бұдан бөлек, азаматтардың еңбек құқықтарына қатысты 1,5 мыңнан астам өтініш толық қаралмаған.

Облыстық прокуратура анықталған заң бұзушылықтардың барлығы бойынша прокурорлық ден қою шараларын қабылдаған. Сондай-ақ еңбек қауіпсіздігіне қатысты ақпаратты жедел алмасу үшін полиция мен еңбек инспекциясының ақпараттық базаларын ықпалдастыру ұсынылды.

Прокуратура өкілдері азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау қадағалау жұмысының негізгі бағыттарының бірі болып қала беретінін атап өтті.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz