RU
Толық нұсқаға өту
depositphotos.com

Қазақстанда әйел курьерлерге арнайы қолдау көрсетілмек

27.08.2026, 15:40 27

Қазақстанда қиын жағдайға тап болған әйел курьерлерге әлеуметтік қолдау көрсетуге арналған пилоттық жоба іске қосылады. Бұл бастама Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Yandex Qazaqstan және «Іскер» қолдау орталығы» қоғамдық қоры арасындағы үшжақты меморандум аясында жүзеге асырылмақ, деп хабарлайды «24KZ».

Жаңа жобаның басты мақсаты – цифрлық платформаларда еңбек етіп жүрген, отбасылық міндеттері мен кәсіби қызметін қатар атқарып жүрген әйелдерге жан-жақты көмек көрсету. Құжатқа сәйкес, тараптар әйелдердің құқықтық және қаржылық сауатын арттырып, қажет жағдайда құқықтық, психологиялық, гуманитарлық және медициналық көмек алуға жәрдемдеседі. Көмектің түрі мен көлемі әр әйелдің өмірлік жағдайына қарай жекелей айқындалады.

Еңбек министрі Асқарбек Ертаев азаматтардың қандай қызмет түрімен айналысатынына қарамастан, мемлекет тарапынан қолдау тетіктері қолжетімді болуы тиіс екенін атап өтті. Өз кезегінде Yandex Qazaqstan басшысы Тимур Шалекенов цифрлық платформалар арқылы табыс табатын азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсарту компанияның басым бағыттарының бірі екенін жеткізді.

Бүгінде еңбек саласы жаңа өзгерістер кезеңін бастан өткеріп отыр. Мемлекеттік саясат та осы үдерістерді назарға алып, соған сай бейімделуі қажет. Біздің басты міндетіміз азаматтардың қандай қызмет түрімен айналысатынына қарамастан, заң аясында жұмыс істеп немесе табыс тауып жүрген әр адамға түсінікті әрі қолжетімді қолдау тетіктерін қалыптастыру. Бұл бастама мемлекеттік органдар, бизнес өкілдері мен қоғамдық ұйымдардың өзара ынтымақтастығы арқылы нақты әлеуметтік мәселелерді шешуге болатынын көрсетеді. Әңгіме кәсіби қызметі мен отбасылық міндеттерін қатар атқарып жүрген әйел курьерлерге қажетті жағдай жасау және оларды қолдау туралы болып отыр. Қиын жағдайға тап болған кезде тиісті көмекке жедел қол жеткізу үшін қайда жүгіну керегін білу аса маңызды, – деді Асқарбек Ертаев.
Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz