RU
Толық нұсқаға өту

Ақмола облысында 2 млн тонна астық жиналды

27.08.2026, 21:20 33

Ақмола облысында орақ науқаны қызу жүріп жатыр. Өңір шаруалары бүгінге дейін бір жарым миллион гектардан астам алқапты игеріп, қамбаға 2 млн тонна астық жинады.

Егіннің орташа өнімділігі гектарынан 12 центнер.

Зеренді ауданында күзгі жиын-терім науқанының қызған шағы. Диқандар қас қарайғанша жұмыс істеп, күн суытпай тұрып, өнімді жинап алуға тырысып жатыр. Тәжірбиелі механизатор Манарбек Баймановтың егінге орақ салғанына 2 апта болған. Осы уақыт аралығында 8 жарым гектардың тең жартысын жинап үлгерді.

Манарбек Байманов, механизатор:

- Биылғы ауа-райы жақсы. Құрғақ кезінде егін жинап жатырмыз. Бір комбайнмен шамамен 50 гектарға дейін аламыз. 100 тоннаның маңайында. Сағат 09:00-дан сағат 22:00-ге дейін ылғал түскенше істейміз.

Жыл сайын өңірде астық көлемі ұлғайып келеді. Бұл диқандардың тынымсыз еңбегі мен  мемлекеттік қолдаудың нәтижесі. Мәселен, биыл агроөнеркәсіп кешенін дамытуға 316 млрд теңге бөлінді. Бұдан бөлек, түрлі агротехнологиялық шаралар да өз жемісін де беруде. 

Марат Ахметжанов, Ақмола облысының әкімі:                      

- Жақсы технологияның арқасында, ғылымға сүйенудің арқасында, еңбектің арқасында жақсы өнім алып жатырмыз. Егер мұндай қолдау болмаған кезде, осындай ауа-райы болған кезде мұндай өнім болмаушы еді. Сондықтан қолдаудың арқасында жақсы өнім алып жатырмыз деп айта аламыз.

Жалпы биыл аймақта 5 жарым миллион гектардан астам алқапқа дән себілді. Егістікті әртараптандыруға байланысты соңғы үш жылда майлы дақылдардың егіс алқабы 6 есеге ұлғайған. Шаруалар ауа райы қолайлы болса, орақ науқанын қыркүйек айының соңына дейін аяқтауды жоспарлап отыр.

Авторлары: Абзал Азаматұлы, Евгений Шинкаренко

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz