RU
Толық нұсқаға өту

Алматы облысында 7 еңбек ардагері арнайы марапатқа ие болды

27.08.2026, 22:20 24

Алматы облысында қоғамдық іс-шараларға белсенді қатысып, ұрпақ тәрбиесіне үлес қосып жүрген 7 еңбек ардагері арнайы марапатқа ие болды.

Өңірлік ардагерлер ұйымы өткізген жиынында атқарылған жұмыстар қорытындыланып, алдағы міндеттер айқындалды. Басты мақсат  –  ұлттық құндылықтарды дәріптеп, ұрпақ сабақтастығын нығайту, - дейді ұйымдастырушылар. Келелі жиынға республикалық ардагерлер ұйымның төрағасы да қатысты.

«Ұрпақтар сабақтастығы және ұлттық құндылықтар» атты жиында ұрпақ тәрбиесі сөз болды. Басқосуға  9 аудан мен қалалардағы ардагерлер және аналар кеңесінің өкілдері қатысты. Жиында  ұйымының атқарған жұмысы мен алдағы жоспары туралы айтылды. Жастарға патриоттық тәрбие беру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және ұрпақтар сабақтастығын нығайту мәселелері талқыланды.

Әбілғазы Құсайынов, Республикалық ардагерлер ұйымы орталық кеңесінің төрағасы:

- Ардагерлер әрқашан қоғамның жаңа кеңесшісі және оның рухани тірегі. Осы ізгі мақсаттарды жүзеге асыру үшін біз орталық кеңесте ардагерлер ұйымы қызметінің 7 негізгі бағытын әзірледік. Жобаның басты мақсаты - қоғамға, оның ішінде жастарға, оң ықпал етудің нақты құралдарын ұсыну.

Облыстағы ардагерлер ұйымының қатарында 150 мыңнан астам адам бар. Олар оқушыларымен кездесіп, түрлі іс-шараға қатысып, өмірлік тәжірибесімен бөліседі.  Жиында қоғамның дамуы мен жастар тәрбиесіне үлес қосқан 7 белсенді ардагер марапатталды. Оның үшеуіне Орталық кеңестің «Құрмет белгісі» табысталса, тағы төрт ардагерге облыс әкімінің Алғыс хаты берілді.

Қалиахмет Көшкінбаев, Еңбек ардагері:

- Ардагерлер ұйымы 20-дай бағытта жұмыс істейміз. Мысалы, өз басым 2 мектепте Аталар кеңесін басқарамын. Өзім 50 жылдай мұғалім болдым. Сондағы мынаны түйдім, ең үлкен тәрбие - ол үлгі-өнеге, оны ешкім бұза алмайды.

Жиын соңында қонақтар өңірдің шығармашылық ұжымдары әзірлеген концерттік бағдарламаны тамашалады.

Авторлары: Гүлім Советқан, Аманжол Жөнкешов

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz