Тағы бір астықты өңір, Қостанай облысының диқандары 1 млн 486 мың тоннадан астам астықты қамбаға құйып үлгерді.
Өнімділік гектарына орта есеппен 12,3 центнерді құрайды. Өңірде сыйымдылығы 3 млн тонна болатын 34 астық қабылдау кәсіпорны жұмыс жұмыс істеп тұр. Шаруалардың өздерінде 5,3 млн тонна өнім сақтауға арналған қоймалар бар. Бастысы, диқанға қолдау бар. Биылғы жиын-терімге облыс бойынша 79 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлінді. Облыста биыл 5 млн 153 мың гектар алқапқа дәнді-дақыл себіліп, 3 млн 240 мың гектарға бидай егілген.
Тегтер #ауыл шаруашылығы #Қостанай облысы #науқан #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz