Елдегі тағы бір астықты өңір – Ақмола облысында да бидайдың түсімі тәуір. Гектарынан 40 центнерге дейін өніп алып жатқан шаруашылықтар бар.
«Астықтың сапасы да көңілден шығады», - дейді диқандар. Қазір егіс алқаптарының 34 пайызы жиналды. Қамбаға құйылған көлем – 2 млн тонна. Күзгі жиын-терін науқанына 14 мыңға жуық техника жұмылдырылған. Жалпы биыл аймақта 5 жарым млн гектардан астам алқапқа дән себілді. Егістікті әртараптандыруға байланысты кейінгі үш жылда майлы дақылдардың егіс алқабы 6 есеге ұлғайған. Шаруалар күн райы қолайлы болса, орақ науқанын қыркүйек айының соңына дейін аяқтауды жоспарлап отыр.
Ренат Қасенов, облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:
- Элеваторларға түсіп жатқан бидайдың 70 пайызы – жоғары сапалы бидай. Көрсеткіштерге қарағанда, «хайпро» деген көрсеткішке келіп тұр. Кейбір аудандарда одан да жоғары өнімділік байқалады. Олар – Бурабай, Зеренді, Сандықтау, Бұланды аудандары.
Тегтер #ауыл шаруашылығы #астық #Ақмола облысы #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz