RU
Толық нұсқаға өту

Риддер қысқа дайын ба?

28.08.2026, 13:34 25

Шығыс Қазақстан облысында үш жылу электр орталығы, 33 орталықтандырылған және 212 дербес қазандық бар. Ал жылу желісінің  ұзындығы – 1018 шақырым

Қазір өлкеде қысқы маусымға дайындық қарқынды жүріп жатыр. Мәселен, Риддердегі жылу станициясында бесінші қазандық агрегатын жөндеу аяқталып қалды. Енді жұмысшылар алтыншы қазандықты қамдауға кіріседі.

Кирилл Голота, Риддер жылу электр орталығының директоры:

- Бесінші қазандықта ауа жылытқыш, экномайзер сынды біршама бөлшектер жаңартылды. Сонымен қатар мұржа, желдеткіш сияқты қосалқы жабдықтарды да жөндеп шықтық.

Биыл Үкімет резервінен Риддер жылу орталығын  жаңғырту жұмыстарына 2,5 млрд теңге бөлінді. Қаражаттың басым бөлігі жылу желісін жаңартуға  жұмсалды. Жиі ақау шығатын 12 учаскеде құбыр ауыстырылды. Жұмысшылардың айтуынша, ол жерлерде соңғы 5 жылда 33 апат тіркеліпті.

Ескірген жылу желісі тек Риддерде ғана емес, облыстағы өзге қалаларда да жетерлік. Сондықтан бұл инфрақұрылым сапасын жақсарту үшін 15 млрд 500 млн теңге қарастырылды. Тұрғын үйлердің дайындығы басты назарда. Жақында Үкімет отырысында дәл осы бағыт бойынша әзірлік деңгейі төмен деген сын айтылған еді. 

Самат Дайыров, ШҚО Энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары:

- Үкімет отырысы болған кезде тұрғын үйлердің әзірлік көрсеткіші – 89 пайыз болғаны рас. Өйткені сол сәтте көпқабатты үйлердің дайындық актілері әлі жасалмаған еді. Бүгінгі күні облыста жылу желісіне қосылған 3047 үй болса, соның 2985-і қысқа сақадай-сай отыр.

Білім ошақтары мен әлеуметтік нысандар да жылу беру маусымына дайын. Сала мамандарының  мәлімдеуінше, шалғайдағы Алтай, Күршім, Үлкен Нарын және Шемонаиха сынды  аудандарда қысқа әзірлік шаралары аяқталуға жақын.  

Авторлары: Эльмира Ахметова, Жігер Бабаханов

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz