Қазақстанда мектеп қабырғасында мұғалімдерге гүл шоқтары мен кез келген сыйлық сыйлауға тыйым салынды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шынар Ақпарова мәлімдеді, деп хабарлайды «24KZ».
Министрлік бұл шектеуге қатысты жергілікті атқарушы органдарға арнайы хаттар жолдағанын атап өтті. Ведомство өкілдері сыйлық немесе гүлдің рұқсат етілген бағасын атаған жоқ, өйткені оқу орны аумағында мұндай тартулар мүлде қабылданбайды.
Айта кету керек, бұған дейін, яғни 2024 жылы министрлік өкілдері мен бұрынғы басшы Ғани Бейсембаев оқушылардың ұстазға гүл сыйлауын құрмет белгісі әрі жақсы дәстүр деп санаған болатын.
Сонымен қатар, биылғы жаңа оқу жылының басталу форматы бекітілді. Еліміздегі барлық мектеп сыныптарында 1 қыркүйек күні 45 минуттық бірыңғай сынып сағаттары өткізілсе, колледждерде кураторлық сағаттар ұйымдастырылады.
Тегтер #мектеп #Шынар Ақпарова #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz