Бірыңғай цифлық платформадағы зияткерлік меншік авторларының 96 пайызы
жеке мәліметтерін толық енгізбеген. Бүгінде жүйеге 15 мыңдай отандық автор тіркеліпті. Олардың 150 мыңнан астам туындысы цифрлық платформаға салынған. Алайда зияткерлік меншік авторлары қажет мағлұматты толық көрсетпегендіктен сыйақыны толық көлемде ала алмай қалуы мүмкін. Осы ретте әділет министрлігі қазақстандық авторларды Qazcopyright платформасына қажет мәліметтерді толық енгізуге үндейді. Бірыңғай платформа биыл қаңтарда іске қосылған. Алғашқы кезеңде оған телеарна, радиостанциялар, спутниктік операторлар енді. 1 шілдеден бастап, театр, филармония, кинотеатрлар қамтылды. 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап түрлі ән мен күй ойнататын дәмхана, мейрамхана, сауда орталықтары мен қонақүйлер де бірыңғай базаға енгізіліп, авторларға сыйақы төлеуге міндеттеледі.
Талғат Уәли, ҚР Әділет министрлігі қоғаммен байланыс департаментінің басшысы:
- Қазақстанның тәжірибесі посекундно дейді, яғни бірінші секундтан бастап, барлық жерлердегі теле-, радиоарналардан бастап өзге де орындардағы орындалған туынды тіркеліп тұрады. Яғни электронды-цифрлық платформа 24 сағат үздіксіз жұмыс істейді және барлық жерде орындалған авторлардың туындыларын тіркеп, қанша секунд орындалды. Қаншасы авторларға тиесілі, қанша қаражат тиесілі екендігін автордың жеке кабинетінде көрсетіліп тұрады.
Тегтер #авторлық құқық #Qazcopyright #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz