RU
Толық нұсқаға өту

Шығыста құтқару бекеттері жаңартылып жатыр

28.08.2026, 19:20 30

Шығыс Қазақстанда 50 жыл бұрын салынған құтқару бекеттері жаңартылып жатыр. 

Бұқтырма бойындағы Көгілдір Бұғаздағы тозығы жеткен станцияның орнына жаңасы  салынды. Заманауи модуль талапқа сай жабдықталды. Жалпы бұл  аумақта жазда 70 мыңнан астам адам демалады. Сондықтан құтқару станциялары қажет, дейді сала мамандары. Бұдан бөлек Өскемендегі ескі бекет те жаңартылды. Ертіс жағасындағы нысанда  құтқарушылардың  жұмыс істеуіне қолайлы  жағдай жасалды. Бақылау пункті, жеке құрамға арналған демалыс бөлмелері бар. Жүзу және заманауи байланыс құралдары да жеткілікті. Облыс орталығындағы бұл жағажайға тұрғындар көп келеді. Жазда суға батып кете жаздаған бес адам құтқарылды. 

Евгений Егоров, ШҚО ТЖД жедел құтқару жасағы басшысының орынбасары:

- Жұмыс істеу бұрынғыдан әлдеқайда жеңілдеді, қолайлы жағдай жасалды. Ескі станция тар болатын. Ең бастысы, қазір шолу аумағы кеңейді. Бұл жерде өзен ағысы қатты. Соған қарамастан демалушылар алысқа жүзіп кетеді. Енді қырағылықты одан әрі күшейтуге, жедел қимылдауға мүмкіндік бар.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz