Алматы халықаралық әуежайында FlyArystan әуе кемесіне жоспарлы техникалық қызмет көрсету
кезінде өрт шықты. Компания мәліметінше, өртті әуежайдың жедел қызметі дереу сөндірген. Оқиға салдарынан қызмет көрсетіп жатқан Air Astana тобының бір қызметкері жарақат алды. Оған медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ауруханадан үйіне жіберілді. Өрт болған кезде әуе кемесінің бортында жолаушылар да, экипаж мүшелері де болмаған. Аталған ұшақ зақым көлемін бағалау және қажетті жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін уақытша пайдаланудан шығарылды. Қазір Алматы халықаралық әуежайы қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.
Тегтер #FlyArystan #ұшақ өртенді #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz