RU
Толық нұсқаға өту

Қызылордада жүргінші көпірінің құрылысы басталды

28.08.2026, 21:52 29

Қызылордада Сырдария өзені арқылы өтетін жаяу жүргінші көпірінің капсуласын салу рәсімі өтті.

Бұл нысан қос жағалауды жалғап қана қоймайды. Ол тұрғындар демалатын әдемі серуен орнына айналады. Мамандардың айтуынша, сәулетті жоба қала көркін одан әрі аша түспек.

Қалада қайта жаңғырған Президент саябағы аумағында жуырда жаңа балалар лагері мен ботаникалық бақ ашылды. Мұнан бөлек тұрғын үй кешені мен театр және кітапхана құрылысы жүріп жатыр. Сырдария өзені арқылы өтетін  жаяу жүргінші көпірі де осы маңнан салынады.

Мұрат Ергешбаев, облыс әкімі: 

- Қызылордада өткен бесінші құрылтайда Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында, «Таза Қазақстан» акциясының аясында атқарылған іс. Өздеріңіз де жақсы білесіздер, бұл Президент паркінің 70 гектарының біразы бархан болатын, құм болатын. Оның ішінде бұған қоса қазіргі таңда 9 қабатты, 15 тұрғын үй құрылысы, биыл сол тұрғындар игілігіне тапсырылады.

Жаяу жүргінші көпірі ерекше сәулет үлгісімен салынбақ. Оның ұзындығы 319 метр, ал ені 11 жарым метр болады. Мамандардың айтуынша, темір-бетоннан бой көтеретін бұл нысанды құрылыс саласында тәжірибесі мол мекеме жүзеге асырады.

Арнұр Нұрмағанбетов, қала әкімінің орынбасары:

- Сәулетті келбетіне қарай тоқталатын болсам, бұл ағаш бұтағы типтес әзірленіп отыр жоба. Бес жапырақ типтес шолу алаңшасы бар. Енді бұл көпір біздің биыл пайдалануға берген Президент саябағы мен Сырдария өзенінің оң жағалауындағы «Астана» мөлтек ауданын жалғайтын болады. Жалпы жаяу жүргіншілердің қауіпсіз қозғалысына оң ықпалын тигізіп отыр.

Алдағы уақытта Сырдария өзені арқылы өтетін тағы бір жаңа автокөлік көпірі бой көтермек. Ол қаланың қос жағалауын жалғап, көлік ағынын реттеуге септігін тигізеді.

Нұрлан Жақыпбеков, Нұржан Мұзарапшин

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz