RU
Толық нұсқаға өту

Ұлытауда агробизнеске қолдау бар

28.08.2026, 23:00 25

Ұлытау облысында биыл агробизнес жобаларын қаржыландыру бағытында несие портфелі 11,6 миллиард теңгеге жеткен.

 "Бәйтерек" холдингінің еншілес компаниясы "Аграрлық несие корпорациясының" өңірлік филиалы арқылы 700-ден астам кәсіпкер түрлі бағдарламаларға қатысып, несие алды. Соңғы бір айдың өзінде Жаңаарқа ауданындағы екі ірі жобаға қомақты қаржы берілген.

Жаңаарқа ауданындағы ең ірі мал бордақылау  алаңы «Берікбол» фермерлік қожалығына тиесілі. Бүгінде мұнда 470 бас ірі қара және 64 жылқы бар. Шаруашылық "Аграрлық несие корпорациясының" қаржыландыру бағдарламаларына тұрақты қатысады. Айналым үшін несие рәсімдеп, ол қаражатқа бұқа сатып алып бордақылайды. Семірген малды етке өткізеді. 

Берікбол Мұқашев, фермер:

- Жаңаарқа районының өзінде күніне 15 бас өтеді,магазиндермен болады, сосын мынау Ұлытау облысы алады, сосын мынау крупно алатын ол "Жаңа береке" репродуктор Астанадан. Былтыр біз бір жыл жұмыс істедік. Бір жылда "Жаңа берекеге" 1100 бас өткіздік.

Ал  бұл наубайхана  2008 жылдан бері жұмыс істейді.  Нан-тоқаш өнімдері жеке супермаркет арқылы өткізіледі және жергілікті дүкендер мен кәсіпорындарға да жеткізіледі. Кәсіпкер жақында өндірістік базаны дамыту үшін "Агробизнес" бағдарламасы аясындағы пайызы төмен 100 миллион теңге несие алған.

Батырхан Дүйсенбай, кәсіпкер:

- Қойма салып жатырмын үлкен қылып алдына. Мына жақтағы қоймаларды босатайын деп жатырмын. Мына хлебзоводты үлкейтіп, кондитерский цехты барлығын үлкейтіп ашайық деп жатырмыз.

«Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамының  Ұлытау облыстық филиалы 2023 жылы құрылды.  Осы аралықта ауыл шаруашылығын дамыту үшін несиелеу көлемі артқан.

Мейрам Құдайберген, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ ҰОФ директоры:

- Үш жылда филиалдың несие портфелі 9,6-дан 11,6 миллиард теңгеге дейін өсті. Бүгінгі таңда қаржыландыру бағдарламаларына қатысушылар саны да артқан. Өңір бойынша 706 шаруашылық пайызы төмен несие алды.

Өңірде көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыру көлемі де едәуір өсті. Биыл 10 фермер жалпы сомасы 706 млн теңге несие алды. Бұл егістік алқаптарын 9,7 мың га дейін кеңейтуге ықпал етті.

Руслан Нұрланұлы, Сайлау Игіліков, Аман Хамит

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz