Қырманда егін жинау науқаны жалғасып жатыр.
Шаруалар қазірдің өзінде 7,7 млн тонна астық жинап үлгерді, былтыр осы кезеңде бұл көрсеткіш 3,9 млн тонна болған еді. Сондай-ақ 5,5 млн гектар дәнді дақыл жиналды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен екі есе көп. Қабылданған жұмсақ бидайдың негізгі бөлігі жоғары сапалы астыққа жатады. Ауыл шаруашылығы министрлігі қабылданып жатқан астықтың жай-күйіне жүйелі мониторинг жүргізіп жатыр.
Тегтер #егін жинау #қарқын алды #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz