RU
Толық нұсқаға өту

Елордалық «Үздік жас отбасы – 2026» байқауына 120 жұп қатысуға өтінім берді

29.08.2026, 14:00 26

Елордада отбасы құндылығын дәріптейтін «Үздік жас отбасы – 2026» қалалық байқауы басталды.

«Отбасы – бақыт мекені» жобасы аясында ұйымдастырылған сайысқа 120 астаналық жұп қатысуға өтінім берген. Дәстүрлі доданың алғашқы күнінде жанұялардың білімі мен тапқырылығы, шапшаңдығы мен ой ұшқырлығы сыналды. Шара қыркүйек айының екінші жексенбісі аталып өтілетін отбасы күніне орай ұйымдастырылып отыр.

Алғашқы кезеңде ерлі-зайыптылар білімдерін ортаға салады. Қатысушылар интеллектуалды QUIZ ойыны арқылы бақ сынайды. Сауалдар отбасы құндылықтары, тарих пен ұлттық салт-дәстүр, мәдениетке қатысты. Қоғам және жаңа Конституция тақырыптары да қамтылды. Білім мен тапқырлық сыналған кезеңнің нәтижесінде ең жоғары ұпай жинаған 10 отбасы байқаудың ақтық мәресіне жолдама алады.

Қанат Сапарғали, қала тұрғыны:

- Дәл осы шараның ұнағаны интеллектуалды ойынға бағытталғаны. Спорттық шараларды көріп жүрміз. Бірақ осы білімге арналған шараны көріп қуанып отырмыз. Біз өз білімізді сынау үшін қатысуға бел будық.

Жеңімпаздарды қомақты жүлде қоры күтіп тұр. Байқаудың жалпы жүлде қоры – 2 миллион 200 мың теңге. Бірінші орын иегеріне – 700 мың, екінші орынға – 500 мың, үшінші орынға – 300 мың теңге беріледі. Ал белсенділік танытқан тағы жеті отбасы 100 мың теңгеден қаржылай сыйлық алады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқаудың басты мақсаты – отбасылық құндылықтарды насихаттап қана қоймай, жас отбасылардың қоғамдағы рөлін арттыру.

Балжан Қолғанат, Қалалық жастар саясаты мәселелері басқармасы бас маманы:

- «Отбасы бақыт мекені» жобасы жыл сайын ұйымдастырылып келе жатыр. Жыл отбасылардың сұрауы бойынша жобаны жетілдіріп отырмыз. Жобаның негізгі 5 бағыты бар. Профилактика, спорттық шаралар, қолөнер және осындай конкурстар да ұйымдастырылады. Әлеуметтік желіде де конкурс өткіздік.

Бастысы – бұл сайыста жеңіс қана емес, ерлі-зайыптылардың бірге білім сынап, ортақ мақсатқа ұмтылуы маңызды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz