RU
Толық нұсқаға өту

Балалардың қауіпсіздігі басты назарда

29.08.2026, 16:40 29

Алматы облысында полиция мектеп маңындағы жолдар мен жол белгілерінің сапасын тексеріп жатыр. 

Көшедегі және мектеп ішіндегі бейнебақылау камераларының жай-күйін де тексеріп шығады. Жаңа оқу жылы қарсаңында қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Өңірде «Абайлаңыз – балалар!» атты республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы жүріп жатыр. 

Облыс полицейлері жаңа оқу жылының алдында 502 білім беру ұйымын тексеріп шықты. Әсіресе балалар қатынайтын автобустардың бағытында  бақылау күшейтілді. Жаяу жүргіншілер жолдары мен жол белгілерінің сапасы назардан тыс қалмады.

Берік Дәкеев, облыстық ПД басқарма бастығының орынбасары:

- Іс-шара басталғалы полиция қызметкерлерімен 900 астам әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді. ТЖ алдын алу бойынша 112 іс-шара өтті. Оқу орындарына іргелес аумақтың жол инфрақұрылымын зерттеу нәтижесінде бойынша 182 нұсқама енгізілді.

Өңірде жол инфрақұрылымын дамыту бойынша 1200 жол белгісі орнатылды. Мамандар 6300 шақырым жол таңбасын салып, 15 мың шаршы метр аумақтағы ой-шұңқыр тегістеді. Сонымен қатар биыл жаяу жүргіншілерге арналған интеллектуалды жолдар пайда болды.

Бекназар Мустафин, облыстық ПД жол-техникалық инспекциясы тобының капитаны:

- Қазіргі таңда оның мектептерге үлкен пайдасы тиіп отыр. «Ақылды жаяу жүргінші жолдары». Облыс аумағында бізде қазір 5 ақылды жаяу жүргінші жолы орнатылған. Оның ерекшелігі — жаяу жүргінші жаяу өткелге келген кезде, ол өзі қызыл-жасыл түспен жанып, қауіпті жолдан өткізу болып табылады.

Биыл облыс бойынша 385 мың оқушы мектепке барады. Мамандар білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздікті жіті тексеріп жатыр. Оқу ордаларына 27 мың бейнебақылау камерасы орнатылды. Оның бір бөлігі жедел басқару орталығына қосылған. 213 мектепке арнайы күзет қойылды.   

Венера Қойшыбаева, мектеп директорының орынбасары:

- 2026-2027 оқу жылының алдында бізде балалардың қауіпсіздігі және қолайлы жүріп-тұруына барлық шаралар атқарылған. Мектепте 224 камера бар. 24-і далада, сыртта орнатылған. 200 іште орнатылған, оның 32-сі орталық оперативное управление дейміз ғой, жедел басқармаға қосылған. Баланың қауіпсіздігі үшін орнатылады. Қандай да бір жағдай болған жағдайда камерадан қарап отыратындай.

Талғар ауданындағы 20 мектепте «Заң мен тәртіп» қағидаты бойынша азаматтық тәлімгер жобасы жүзеге асып жатыр. Бұл кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы заң бұзушылықты азайтып, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді. Биыл бұл жоба тағы 35 білім беру ұйымына енгізіледі. 

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Гүлім Советхан, Аян Дүйсенбай, Аманжол Жонкешов

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz