Қазақстанда көмір өндіру саласы экономика үшін стратегиялық маңызға ие. Елде жыл сайын 115 млн тоннадан астам көмір өндіріледі.
Ал электр энергиясының 70 пайыздан астамы осы қара алтынға тәуелді. Кейінгі жылдары салаға цифрлық технологияларды енгізу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. «Көмірді терең өңдеу – болашағы зор бағыттардың бірі», - дейді мамандар. Олар көмірдің маңызы алдағы жылдары да сақталатынын айтады. Өйткені ол ел энергетикасында маңызды рөл атқарады.
Төлеген Мұқанов, «Тау-кен өндіруші және металлургия кәсіпорындары» РҚ атқарушы директорының кеңесшісі:
- Бүгінде бұл сала қарқынды дамып келеді. Қазірдің өзінде 40-тан астам компания жұмыс істеп, онда 30 мыңнан астам адам еңбек етіп отыр. Кенші болу – басқа кәсіптермен салыстырғанда, ең батыл әрі жауапты мамандықтардың бірі деп ойлаймын.
Тегтер #тау кен #өндіріс #көмір #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz