RU
Толық нұсқаға өту

Шетелдік жұлдыздар Қарағандыдағы кеншілер күніне арнайы келді

30.08.2026, 18:30 21

Кеншілер мерекесі Қарағандыда кең көлемде тойланды. Қазыналы өлкеде отандық және шетелдік танымал эстрада жұлдыздарының қатысуымен ауқымды концерт ұйымдастырылды.

Мерекелік шараны тамашалауға 250 мың көрермен жиылды. Сондай-ақ Ұлыбритания,  Италия, Испания, Моңғолия және ТМД елдерінен арнайы келген меймандар болды. Көпшілік думанды шараға куә болып қана қоймай, кенді аймақты жаңа қырынан танып білуге мүмкіндік алды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл ел тарихындағы ең ірі мерекелік бағдарлама. Ауқымды шараны өткізу үшін 5 гектардан астам жер бөлініп, арнайы алаң жабдықталған. Ал құқық қорғау органдары бұл күні күшейтілген режимде жұмыс істеп, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін жіті қадағалады. Осылайша кеншілер мерекесі Қарағандыда бар сән салтана-тымен атап өтілді. Әуезді ән мен сауық-сайранға толы кЕш соңы отшашуға ұласты. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz