RU
Толық нұсқаға өту

ІІМ ата-аналарға үндеу жасады

31.08.2026, 07:22 22

Ертең сабақ басталады. Сонымен бірге жүріс-тұрыс, қозғалыс та көбейеді. Оқушылар оқумен қатар түрлі үйірмелерге барады. 

Ал олардың көбі ересектерсіз жүреді. Сол себепті жол ережелерін жіті білуі шарт. Ішкі істер министрлігі ата-аналарға осындай үндеу жолдады. Атап айтқанда, жолды арнайы белгіленген жермен ғана кесіп өту, құлаққап пен телефонды жолда пайдаланбау және айналаға мұқият қарау керегін балаларға ескертуді сұрайды. Сонымен бірге мектеп автобустарының техникалық жай-күйі тексеріліп, анықталған кемшіліктер бойынша мекемелерге тиісті нұсқама берілген. 

Ақтоты Боранова, ІІМ әкімшілік полиция комитеті басқарма бастығының орынбасары:

- Велосипед, мопед немесе электросамокат мінген кезде жолда жүру қағидаларын сақтау маңызды. Ата-аналарға баласының қайда жүргенін, кіммен араласатынын біліп жүру және балалармен жиі сөйлесуге кеңес беріледі. Бала қиын жағдайға тап болған кезде ата-анасынан қорған табатынына сенімді болуы керек. Егер балаға қауіп төніп тұрса, ІІМ «102» нөміріне немесе «111» байланыс орталығына хабарласыңыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz