RU
Толық нұсқаға өту

Жамбыл облысында шаруалар жүгері қалдығын тыңайтқышқа айналдырды

31.08.2026, 12:40 43

Шу бойындағы шаруалар жүгерінің қалдығын тыңайтқыш ретінде қолданып жатыр. Қазірдің өзінде 30 қожалық егістік алқабына органикалық тыңайтқыш сеуіп тастаған.

Нәтижесі көпке ұзамайды, бір-ақ аптада байқалады. «Егілген дәнді-дақыл тез көктеп, бой көтереді», - дейді диқандар. Жүгері қалдығын кәдеге жаратқандардың бірі – Эльдар Тейфуров. Шаруа 60 гектар аумаққа жоңышқа еккен. Үш айдың ішінде екі рет орып үлгерген. Қазір үшінші орымға дайындалып жатыр. Бір апта бұрын егістікке жүгері қалдығынан дайындалған тыңайтқышты суға араластырып, жаңбырлатып суарған. Нәтижесінде жоңышқаның биіктігі 10-15 сантиметрге өсіп, түсі де қаныққан. Эльдар секілді 30 шаруа бұл өнімді қолданған. Эко тауардың 20 литры бір гектар жерге жетеді. Әрі топырақ бір жыл бойы құрамындағы азот пен калийді жоғалтпайды.

Досжан Омарбеков, шаруа қожалық жетекшісі:

- Шаруаларға тыңайтқышты тегін беріп жатқаны өте жақсы. Осылай үлкен көлікпен келіп, алу керек. Енді нәтиже болады деп күтеміз. Бәріміз жақсылыққа жоримыз. 

Ал жүгерінің органикалық қалдығы биыл аймақта жұмысын бастаған инвестициялық зауыттан шығады. Зауыт өкілдерінің айтуынша, диқандарға 1200 тонна тыңайтқыш тегін таратылған. Тағы 190 шаруашылық өнім алуға қызығушылық танытып отыр. Олардың қатарында Шу ауданымен бірге Меркі және Түркістан облысының шаруалары да бар.

Нұргелді Нұрлан, зауыттың ресми өкілі:

Кез келген шаруа қожалық келсе де тегін бере береміз. Мысалы, бір гектар жерді 5 тонна сумен суарса, оған 25 кг тыңайтқышымыз кетеді. Бұның қоршаған ортаға, адамның денесіне ешқандай зияны болмайды. Тек қана дақылдардың өсуіне жақсы. Өйткені бұның құрамында азот, фосфор, калий үш түрлі элемент бар.

Шарулардың бұл бастамасын ауыл шарушылығы басқармасының өкілдері де қолдап отыр. Мамандардың айтуынша, органикалық заттың топырақтың құрамын жақсартуға әсері мол. Жалпы егін шаруашылығына қажетті тыңайтқыш сатып алуға мемлекет тарапынан субсидия қарастырылған. Биыл диқандарды қолдау үшін осы мақсатқа 2 млрд-тан астам теңге бөлінді.

Авторлары: Мерей Бает, Бақытжан Бапаев, Елдар Байділді

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz