RU
Толық нұсқаға өту

Ерлан Қарин вице-президент лауазымына тағайындалды

31.08.2026, 13:05 35

Бүгін Құрылтай отырысында Мемлекет басшысы вице-президент және Премьер-министр лауазымдарына кандидатураларды ұсынды. 

Вице-президент тармақтары арасындағы теңгерімді қамтамасыз етіп, Құрылтай депутаттарымен және Үкіметпен тығыз жұмыс істейді. Сонымен қатар Конституцияға сәйкес Мемлекет басшысы айқындаған міндеттерді іске асырады. Осылай деген Қасым-Жомарт Тоқаев бұл лауазымға Ерлан Тынымбайұлын ұсынды. Құрылтай депутаттары оның кандидатурасын мақұлдады. Осылайша, Президент Жарлығымен Ерлан Тынымбайұлы Қарин бұрын атқарған лауазымынан босатылып, Қазақстан Республикасының вице-президенті болып тағайындалды. 

О. Бектенов Премьер-министр лауазымын жалғастырады

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет басшысы лауазымына Олжас Абайұлы Бектеновті ұсынды. Құрылтай депутаттарының басым даусына ие болған Бектенов осылайша Президент Жарлығымен Қазақстанның Премьер-Министрі лауазымына қайта тағайындалды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz