RU
Толық нұсқаға өту

Бангкокта Қазақстанның туристік әлеуеті таныстырылды

31.08.2026, 14:01 37

Таиландтағы біздің елшілік арнаулы семинар ұйымдастырған. Іс-шара Корольдіктің Туристік агенттіктер қауымдастығының алаңында өтті. 

Оған туристік саланың 55 өкілі, сонымен қатар жүзге жуық туристік компания бейнебайланыс арқылы қатысқан. Жергілікті мамандардың айтуынша, Тайланд азаматтарының арасында Қазақстанға деген қызығушылық әсіресе кейінгі 2 жылда еселеп артқан. Бұған визасыз режим, жеке және көлікпен саяхаттау мүмкіндігі, сонымен қатар әуе рейстерінің көбеюі – негізгі себеп. Қазір Қазақстан мен Таиланд арасында 23 тұрақты әуе рейсі апта сайын қатынайды. Былтыр елімізге 15 мың тай саяхатшысы келген. Биыл олардың саны 25 мыңға артады деп күтіліп отыр. 

Джинтана Ветчапинан, Таиландтың туристік агенттіктер қауымдастығының вице-президенті:

- Қазақстанның табиғаты өте әсем. Таулары мен көлдері көзді баурайды. Мәдениеті де өте бай. Әсіресе Таиланд туристеріне қарлы қыс қызық. Өйткені бізде қар жоқ. Таиландтың Туристік агенттіктер қауымдастығы B2B форматында кездесулер ұйымдастыра алады. Мысалы, жыл сайын қаңтарда өтетін Халықаралық туристік көрме аясында өткізуге болады.

Вибун Камонто, туристік компанияның басқарушы директоры:

- Біз Қазақстанды тай туристері үшін жаңа бағыттардың бірі ретінде қарастырамыз. Менің ойымша, биыл екі ел арасындағы әуе рейстері тағы көбейеді. Оның үстіне, тай туристеріне Қазақстанға бару үшін виза қажет емес. Қазақстанда қар бар, тай халқы қарды жақсы көреді. Сонымен қатар қазақ тағамдарының тай тағамдарымен кейбір ұқсастықтары бар деп ойлаймын.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz