1 қыркүйектен бастап Алматыда автокөліктердің шығарындылары тексеріледі.
Яғни экологиялық нормативке сәйкестігі анықталады. Бұл туралы Алматыда өткен брифингте айтылды. «LEZ Шығарындылары төмен аймақ» жобасының үйлестірушісі Дулат Маратовтың сөзінше, техникалық байқау мен техникалық тексеру екеуі екі бөлек. Міндетті техникалық байқау автокөліктің жалпы жағдайын көрсетеді. Ал жаңа талап бойынша бензин, газбен жүретін автокөліктерде газдың уыттылығын, ал дизельді көліктерден түтін шығару деңгейін анықтайды. Шығарындылар деңгейін өлшеуге арналған техникалық тексеру аккредиттелген станцияларда ғана жүргізіледі. Дегенмен, одан алдын ала өтудің қажеті жоқ. Егер техникалық байқаудан 1 қыркүйекке дейін өткен болсаңыз, мерзімі аяқталғанға дейін жарамды болып қала береді. Әзірге жоба сынақтан өтіп жатыр. Келесі жылдың 8 қаңтарынан бастап, шығарындылары нормадан көп автомобильдерді LEZ аймағында пайдалануға шектеулер енгізіледі. Экологтардың мәліметінше, Алматыдағы шығарындылардың 60 пайызы автокөліктерге тиесілі.
Дулат Маратов, LEZ жобасының үйлестірушісі:
- Бүгінгі күнге дейін жүргізілген бақылау нәтижесінде белгіленген стандарттан кемінде төрт есе асып түсетін көліктердің айтарлықтай көп екенін анықтадық. Мысалы, көліктердің 20 проценті жалпы ластанудың 80 процентіне дейінгі үлесін қалыптастыруы мүмкін. Демек, мәселе тек көліктердің жалпы санында емес. Негізгі мәселе қоршаған ортаны ластайтын автокөліктерде.
Тегтер #Алматы #автокөлік #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz