RU
Толық нұсқаға өту

Абай облысында жаңартылған үш теміржол вокзалы ашылды

31.08.2026, 22:41 29

Абай облысындағы Үшбиік, Жарма және Шар станцияларында толықтай жаңартылған үш теміржол вокзалы

пайдалануға берілді.

Бұл бастама  «қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы вокзал инфра-құрылымын жаңғырту бағдарламасы аясында қолға алынған еді. Жалпы, еліміз бойынша 124 теміржол вокзалын жаңарту жоспарланған. Қазір Абай облысында 10 вокзалда жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

Жаңғырту жұмыстары «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының тапсырысымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Көлік министрлігінің, «Самұрық-Қазына» АҚ-ның және Абай облысы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылып жатыр. Аймақ басшысы қайта жаңғыртылған вокзалдардың тұрғындар үшін маңызы зор екенін атап өтті.

Берік Уәли, Абай облысының әкімі:

- Жалпы бүгін үш бірдей осындай теміржол бекетін ашқалы отырмыз. Теміржол еліміздің елді мекендерін өзара байланыстыратын стратегиялық көлік жүйесінің бірі. Сондықтан оның инфрақұрылымын жаңғырту  жолаушыларға қолайлы жағдай жасау уақыт талабынан туатын маңызды міндет.

Станциялар арқылы «Семей–Астана», «Новосибирск–Алматы», «Павлодар-Алматы», «Семей-Қызылорда» және «Өскемен-Алматы» бағыттарындағы жолаушылар пойыздары өтеді. Барлық үш вокзалда жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығы қамтылған. Сондай-ақ ерекше қажеттілігі бар азаматтар үшін қолжетімді орта қалыптастыруға баса назар аударылды.

Тәуірбек Наушабаев, ауыл тұрғыны:

- Бүгін біз үшін өте қуанышты сәт. Өйткені мынау 30-шы салынған нысандар көп өзгермеген болатын. Міне бүгін жаңадан вкозал ғимараты салынып пайдалануға беріліп отыр. Бұл Жарма халқы үшін және маңайымыздағы ауылдар үшін өте үлкен қуаныш.

Жалпы облыстағы теміржол вокзалдарын жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақын. Мақаншы ауданындағы Жалаңашкөл станциясының вокзалы 1 қыркүйекте, ал Семей және Аягөз қалаларындағы, сондай-ақ Ақтоғай кентіндегі теміржол вокзалдарын қыркүйек айының соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Рүстем Қайратұлы, Мәди Базарбеков

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz