Былтыр Кентау қаласындағы жылу-энергоорталығының жылу қазандықтары толықтай жаңартылды.
Үкіметтен 12 млрд теңге бөлініп, 6 қазандық қайта құрылымдаудан, 2 қазандық ағымдағы жөндеуден өтті. Одан бөлек тозығы жеткен 85 шақырым ішкі орам жүйелері жаңартылды. Қазір Кентау мен Хантағы арасындағы 14 шақырымдық магистралды жылу құбырлары ауыстырылуда.
Биыл шаһарға жылу беретін 5-энергоорталықтың екі қазандығы мен турбоагрегаты ағымдағы жөндеуден өтті. Мамандар "бұл жабдықтардың техникалық жағдайы мен жылу жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуі үшін жылда атқарылатын жұмыс" дейді. Сондай-ақ жылуға жауаптылар үкіметтің қолдауымен қазандықтардың жаңартылуы және жүйенің толықтай автоматтандырылуы жұмысты жеңілдеткенін айтады.
Мұхтар Мухиддинов, №5 жылу энергоорталығы директорының кеңесшісі:
- Бүкіл сегіз қазандық мына сегіз мониторда көрінеді. Оған қоса қай жерде қандай температура автоматты түрде ұсталуы керек, барлық параметрі көрсетілген. Сондай-ақ мониторлар көрсетпей қалған кезде осы жерден басқаруға болады. Осы жерден қосып, осы да автоматтандырылған. Бұрынғыдан қайда үлкен жеңілдік болды, сосын жұмыс орыны тазаланды.
Бұдан бөлек Кентау-Хантағы тас жолы бойындағы диаметрі 630 мм болатын 14 шақырымдық магистралды жылу құбыры да жөнделіп жүргізіліп жатыр. Одан бөлек қалада 130 шақырым ішкі орам жүйлері бар. Оны ауыстыру 3 кезеңге бөлінген. Былтыр алғашқы кезеңде 22 шақырым құбыр жаңартылды. Биыл 42 шақырымға 1,5 млрд теңге бөлінді.
Айдар Ербаев, қалалық ТҮКШ бөлімі басшысының м.а.:
- Қазіргі таңда 42 шақырымның 35 шақырымы жаңартылып, бітті. Аталған жұмыстарды қабылдау рәсімі жүргізілу үстінде. Кентау қаласын жылу маусымына түгелдей дайын десек те болады 90%-ы. Биыл екі кезең аяқталады. Үшінші кезең бойынша қазір қорытындысын алу жұмыстары жүргізілді. Қаржыландыру көздерін күтіп отырмыз.
Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов магистралды жылу құбыры мен ішкі орам жүйлерін толық жаңарту үшін Үкімет тарапынан қосымша қаржы қаралып жатқанын айтады. Ал алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары жүйелі жүргізіліп жатқанын жеткізді.
Жандос Тасов, Кентау қаласының әкімі:
- Ағымдағы жылу маусымына дайындық шараларын толықтай атқарып жатырмыз. Алда қыркүйек айының ішінде жылу маусымына дайындық туралы паспортын аламыз. Одан бөлек, 340-тан астам көпқабатты тұрғын үй бар. Сол үйлердің 30-ы ғана қалды, қалған үйлердің барлығы қысымдап, жуып шаю жұмыстары толық атқарылып отыр. Маусымға толыққанды үлгіреміз деп жоспарлап отырмыз.
Жандос Жұмабек, тілші:
- Ал Түркістан қаласында 18 орталықтандырылған және 77 автономды қазандық көп қабатты тұрғын үйлерді жылумен қамтамасыз етеді. Жалпы Түркістан облысында 3 мың 100-ден астам әлеуметтік нысан мен көп қабатты тұрғын үй бар. Алдағы жылыту маусымында оларға 1 жылу энергетика кешені, 34 орталықтандырылған және 2210 автономды қазандық қызмет көрсетеді.
Жандос Жұмабек, Қуаныш Абуов
Тегтер #Түркістан облысы #жылыту маусымы #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz