Өз шәкірттеріне есігін айқара ашқан 518 мектептің қатарында жаңа оқу жылы қарсаңында күрделі жөндеуден өткен 10 білім ошағы да бар.
Жаңартылған мектептердің екеуі облыс орталығында, ал қалғаны аудан, ауылдарда орналасқан. Бұдан бөлек, қазір облыста екі мектептің құрылысы жүріп жатыр. Оның бірі халық көп шоғырланған Қосшы қаласында және Көкшетаудың іргесіндегі Чайкино ауылында бой көтеріп жатыр.
Әділет Сембі, облыстық білім басқармасының ресми өкілі:
- Чайкино кентіндегі мектеп өте ескі еді. Соның орнына жаңа 120 орындық мектеп салынып жатыр. Одан бөлек, Қосшы қаласының халқының өсуіне байланысты ол жерде мектеп тапшылығы пайда болуы мүмкін. Сол тапшылық болмас үшін қазір бір жарым мың орындық мектеп салынып жатыр. Ол мектеп келесі жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Ал Чайкино кентіндегі мектеп 2026 жылдың соңына дейін беріледі деген жоспар бар.
Тегтер #мектеп #нысан #құрылыс #Ақмола облысы #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz