RU
Толық нұсқаға өту
Фото: ҚР Әділет министрлігі

«Некені ұзарту қажет»: Әділет министрлігі алаяқтық хабарламалар туралы ескертті

01.09.2026, 17:49 21

Әлеуметтік желілерде екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы азаматтарға «некені тіркеу мерзімін ұзарту қажет» деген жалған хабарламалар таралуда. Әділет министрлігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын және алаяқтық сипатқа ие екенін ескертті, деп хабарлайды «24KZ».

Министрліктің ресми өкілі Талғат Уәлидің айтуынша, Қазақстан заңнамасында некені белгілі бір мерзімге ұзарту туралы талап жоқ.

Неке бір рет тіркеледі және оның шекті мерзімі белгіленбейді. Осыған байланысты некені ұзарту талап етілмейді, – деді Талғат Уәли.

Неке ерлі-зайыптылардың біреуінің немесе екеуінің өтініші бойынша некені бұзу арқылы, сондай-ақ заңнамада көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылуы мүмкін.
Некені бұзу тек тіркеуші орган арқылы немесе сот шешімінің тәртібімен жүзеге асырылады.
Некені бұзу тіркеуші орган арқылы  мемлекеттік тіркелген күнінен бастап, ал сот тәртібімен бұзылған жағдайда – сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап тоқтатылады.

Осыған байланысты министрлік азаматтарды мұндай хабарламалардағы сілтемелерге өтпеуге және дербес деректерін бөгде адамдарға бермеуге шақырды.

Ресми ақпаратты мемлекеттік органдардың ресми дереккөздерінен тексеру ұсынылады.


«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz