RU
Толық нұсқаға өту

Қарағандыда мектептің желдету жүйесі жаңғыртылады

01.09.2026, 22:43 22

Қарағандыдағы №65 мектептің желдету жүйесін толық жаңғырту үшін Қазақстан Halyk банкі қаржылай қолдау көрсетті. 

Елдегі ірі банк ауыл-аймақтағы мектептердің инфрақұрылымын жақсартып, білім сапасын арттыруға бағытталған әлеуметтік бастамаларға үнемі үлес қосады. Одан бөлек, көпбалалы және әлеуметтік осал топтағы отбасылардың балаларына көмек береді. «Мектепке жол» акциясы аясында биыл да мыңдаған оқушыға оқу құралдарын сыйға тартты.

№65 жалпы білім беретін мектептің ғимараты 1969 жылы пайдалануға берілген. Ескірген нысандағы инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту қажет болды. Кезекті әлеуметтік жоба аясында Қазақстан Halyk банкі мектептің желдету жүйесін толық жөндеуге қаржы бөледі. Банк өкілдері ұжымға арнайы сертифиткатты табыс етті.

Гаухар Масалимова, №65 жалпы білім беретін мектептің директоры:

- Ғимарат ескірген әрине, 60 жылдық тарихы бар. Ақша бөлініп тұрады. Жылда ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп тұрады. Биылғы оқу жылында Halyk банкінен мектептің ғимараты ескі болғандықтан мектепке вентиляция орнатуға ақша бөлінді.

Мектепте 1400-ден астам бала білім алады. Оларға жайлы орта қалыптастыру маңызды. Желдету жүйесі ауа айналымын қамтамасыз етіп, ғимаратта қолайлы температураны сақтауға мүмкіндік береді.

Кирил Бачваров, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:

- Halyk ең ірі банк ретінде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі мәселесіне баса мән береді. Біздің тарапымыздан адамдардың нақты қажеттілігіне жарайтын әлеуметті жобаларға қолдау көрсетіледі. Бұл ретте Қарағандыда мектептердің бірінің желдету жүйесін жаңғыртып жатырмыз. Нақты нәтижелерге қол жеткізген соң пилоттық жобаны жалғастыратын боламыз.

 

Әлеуметтік жауапкершілік аясында Halyk bank өңірлердегі мектептерге үнемі қолдау көрсетеді. Бұл ретте жергілікті билікпен бірлесе жемісті жұмыс атқарып отыр.

Әлібек Әлденей, облыс әкімінің орынбасары:

- Қыркүйектің алдында өзіміздің алдымызға ең басты бір сұрақ қоямыз. Ертең бала барғанда мектептің дайындығы қандай ішінде болады. Үлкен мән береміз.  Қабылданған Конституциямызда білімге, ғылымға, адами капиталға ерекше көңіл бөлінген.

Halyk bank жылдағыдай «Мектепке жол» акциясына үлес қосты. Еліміздің әр өңіріндегі көпбалалы және әлеуметтік осал топтағы отбасылардың балаларына оқу құралдары салынған мыңдаған ортопедиялық сөмкені сыйға тартады.

Авторлары: Руслан Нұрланұлы, Сайлау Игіліков, Аман Хамит

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz