Шығыс Қазақстан облысындағы шаруашылықтарда 300 тоннадан астам шөп өртеніп кетті. Шаруалар ала жаздай малға деп жинаған азықтан айырылды.
Төтенше жағдай қызметінің мәліметінше, фермерлер өрт қауіпсіздігіне мән бермей, шөпті электр желісіне жақын маңға жинаған. Ауыл шаруашылығы техникасын пайдалану талаптары бұзылған. Тракторлар өрт сөндіргіш құрылғымен жабдықталмаған. Егіс алқаптарының айналасына өрттің таралуын тежейтін ор қазылмаған.
Марина Лискова, ШҚО ТЖД баспасөз хатшысы:
- Біз жыл бойы түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Әсіресе көктемгі дала жұмыстары мен күзгі жиын-терін уақытында егіс алқабында жұмыс істейтін механизаторларға қауіпсіздік шаралары туралы айтамыз, ескертеміз. Осы тақырыпта түрлі кездесулер мен дөңгелек үстелдер өткіземіз.
Тегтер #ауыл шаруашылығы #шөп #өрт #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz