RU
Толық нұсқаға өту

Елімізде жас ғалымдарды қолдау мығым

01.09.2026, 23:02 35

Елде кейінгі 5 жылда ғылымды дамытуға бөлінетін қаржы 2,5 есе өсті. Әсіресе жастарды қолдауға баса назар аударылып отыр. 

Бүгінде ел ғалымдарының 48 пайызын жас буын құрайды. Олардың әлеуетін арттырып, ізденістерін дамытуға жыл сайын 30 млн теңге шамасында қаржы қарастырылады. Ғалымдар жобаларын грант есебінен де жүзеге асыра алады. Оның көлемі бір жобаға 90 млн теңгені құрайды. Ал қаржыландыру мерзімі үш жыл. Сарапшылар бұл бастама жас ғалымдардың көбеюіне серпін береді деген сенімде.

Дос Тұрғанбаев, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ғылым комитеті басқармасының бас сарапшысы:

- Біз жыл сайын жас ғалымдарға 100 шақты грант бөлеміз. Дәл қазіргі таңда 2024-2026 жылдарға арналған 780-нен астам жоба жүзеге асырылып жатыр. Биыл бізде ғылыми кеңес жұмыс істеп, ғалымдарды қолдау және жобаларды жүзеге асыру жөнінде шешім қабылдайды. 2026 жылы 2026-2028 жылдарға арналған жас ғалымдарға 97 грант бөлінді. Осылайша, біз жас ғалымдарды жүйелі түрде қолдау арқылы оларды ғылым нарығына тартып келеміз.

Дегенмен ғылымға бөлінетін қаржыны арттыру қажет. Алдағы жылдары ол жалпы ішкі өнімнің 1 пайызына жетуі тиіс. Бұл – Президент тапсырмасы. Сондықтан мемлекеттік бағдарламалардың санын көбейтіп, қолдау шараларын жетілдіру маңызды. Өйткені ғылымды қолдау – елде цифрландыру мен инновацияны дамыту тетігі.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz