RU
Толық нұсқаға өту
фото: depositphotos.com

Алматы әуежайының негізгі кіреберісі қайта ашылды

02.09.2026, 09:45 30

Алматы халықаралық әуежайының негізгі кіреберісі реконструкциядан кейін қайта ашылды, деп хабарлайды 24KZ әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Енді көлік қозғалысы екі бағытта да жүзеге асырылады. Майлин көшесі жағынан жолаушылар терминал алдындағы алаңға кіріп-шығу үшін 11 жолақты пайдалана алады. Оның төртеуі – әуежайға кіреберіс, жетеуі – шығуға арналған.

Сонымен қатар «Ақсұңқар» қонақүйінің маңындағы екі бағыт енді тек екінші қабатқа, яғни T1 және T2 терминалдарының ұшу аймақтарына көтерілу үшін пайдаланылады.

Жабық автотұрақ кешенін пайдаланушылар үшін Закарпатская көшесіне тікелей шығатын жол қарастырылған.

Әуежай қызметкерлерінің мәліметінше, жаңартылған қозғалыс схемасы көлік ағынын тиімдірек бөлуге, терминалдар мен автотұрақ инфрақұрылымына қолжетімділікті жақсартуға мүмкіндік береді.

Жолаушылар мен әуежайға келушілерге маршруттарын жоспарлау кезінде жаңа өзгерістерді ескеріп, әуежай аумағындағы жол белгілеріне назар аудару ұсынылады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz