Бүгінде өңір шаруалары 127 мың тонна астық жинады.
Биыл облыста 790 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілген. Бұл былтырғымен салыстырғанда 9 мың гектарға артық. Диқандар биыл бидай алқаптарының көлемін қысқартып, өнімі жоғары майлы дақылдарға арналған жер көлемін ұлғайтқан. Қазір дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың 43 пайызы жиналды. Көкөніс пен бақша дақылдарының да 30 пайызға жуығы қамбаға құйылды. Енді шаруалар картоп пен майлы дақылдарды жинауға кірісті. Орақ науқаны белгіленген жоспарға сәйкес жалғасып жатыр.
Мадияр Сәкенов, облыстық өсімдік шаруашылығы, техникалық инспекция және механикаландыру бөлімінің басшысы:
- Абай облысында 21 мың тонна дизель отыны бөлініп отыр. Оның ішінде кесеге сай ай сайын ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне жеткізіліп отыр. Бүгінгі күні кең дала бағдарламасы бойынша 14 млрд қарастырылған. Соның бүгінгі таңда 13,8 млрды ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне берілді.
Тегтер #Абай облысы #орақ науқаны #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz