RU
Толық нұсқаға өту
фото: depositphotos.com

Есірткі, қару, 159 тонна жанармай: шекарада бір айда 5,5 мыңнан астам заң бұзушы ұсталды

02.09.2026, 11:23 46

2026 жылғы тамызда Қазақстанның шекара кеңістігінде 5 588 заң бұзушы ұсталды. Олардың 4 907-сі – шетел азаматтары, деп хабарлайды 24KZ ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҰҚК Шекара қызметі құзырлы органдармен бірлесіп, шекара арқылы тауарлар мен жүктерді заңсыз өткізудің 2 089 дерегінің жолын кесті.

Атап айтқанда, есірткі заттарына қатысты 30, қару мен оқ-дәрілерге қатысты 68 факт анықталды. Тәркіленген заттардың қатарында 5 дана пневматикалық қару, 130 суық қару және 228 оқ-дәрі бар.

Сондай-ақ жанар-жағармайды заңсыз өткізуге қатысты 1 061 дерек тіркелген. Оның жалпы көлемі 159 тоннадан асады.

Халық тұтынатын тауарларды заңсыз өткізу бойынша 751 факт анықталды. Олардың жалпы құны 1,8 млрд теңгеден асады. Бұдан бөлек, валютаны заңсыз өткізуге қатысты 179 дерек тіркеліп, тәркіленген қаражаттың жалпы сомасы 1,5 млрд теңгеден асты. 

Каспий теңізінің акваториясында браконьерліктің 61 дерегі тоқтатылды. Браконьерлік құралдары мен бекіре тұқымдас балықтар тәркіленді. Алдын алынған залал көлемі 561 млн теңгеден асты. 

Шекара қызметі өз құзыреті шеңберінде 63 қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. 

Сонымен қатар 4 886 әкімшілік іс өндірісте. Олар бойынша жалпы сомасы 40 млн теңгеден асатын айыппұл салынған. 

Қалған фактілер бойынша материалдар тиісті процестік шешім қабылдау үшін құқық қорғау және сот органдарына жолданды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz