Жыл басынан бері 166 адам балаларға буллинг жасады деген айыппен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Былтыр мұндай құқық бұзушылыққа барғандар саны 272 болды. Бұл жайында Бас прокуратура мәлімдеді. Қоғамда заңбұзушылықпен күрес шаралары күшейгенімен көрсеткіш көңіл көншітпейді. Жасөспірімдер арасында қысым көрсету, қудалау, қорлау дерегі тыйылмай тұр. Жаңа оқу жылынан бастап ДосболLike жобасы жаңғыртылып, барлық білім мекемесінде жүзеге асады.
Альбина Залмұқанова, Қр Оқу-ағарту министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бас сарапшысы:
- Оқу-ағарту министрлігі, ІІМ, Мәдениет және ақпарат, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау және Денсаулық сақтау осы бес министрліктің қол қоюымен нақты алгоритм бекітілді. Яғни буллинг фактілерін қандай деректерге қарап, анықтауға болады және анықталған жағдайда әрі қарай қалай әрекет ету керек және балаға қандай көмек көрсетілу керек? Міне, осыны нақты белгілейтін тәртібі, алгаритмі бекітілген болатын.
Тегтер #Заң мен тәртіп #буллинг #жауапкершілік #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz