RU
Толық нұсқаға өту

Маңғыстау облысында ескі үйлер сүріледі

02.09.2026, 20:09 34

Маңғыстау облысында 134 көпқабатты тұрғын үй реновация бағдарламасына енді. Оның ішінде 61 үй апатты деп танылды. 

Қалған үйлер жаңғыртудан өтеді. Ескі үйлердің көбі Жаңаөзен мен Мұнайлы, Маңғыстау, Бейнеу және Қарақия аудандарында орналасқан. Қазір тұрғындарды уақытша баспанаға көшіру мәселесі қаралып жатыр. Тізімге 131 адам енгізілді. Өңірдегі ескі үйлерді 3 жылдың ішінде сүріп, орнына жаңасын салу жоспарланған. Былтыр Ақтаудағы 3 шағын ауданындағы 10 апатты үйдің бесеуі сүрілді. Қазір қалған үйлердің тұрғындарымен келісім жүріп жатыр.

Бауыржан Бекбаев, облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының бас маманы:

- Өңірімізде көш бастап тұрғаны – Жаңаөзен қаласы, Бейнеу және Қарақия аудандары. Жаңаөзен қаласында 25 көппәтерлі тұрғын үйлер қазіргі таңда апатты деп танылған. Олардың ішінде «Вокзал», «Шұғыла» және «Шаңырақ» шағын аудандары кіреді. Жаңа баспанамен қамтамасыз ету 2027 жылдың бастапқы айларында құрылыс жұмыстарын бастап, 2029 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Бес қабатты тұрғын үйлер салынады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz