RU
Толық нұсқаға өту

Құтқарушылар арасында ел чемпионаты басталды

02.09.2026, 22:09 37

Жезқазғанда өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты басталды. 

Бес күнге жалғасатын біріншілікке әр өңірден 23 команда қатысып жатыр. Құтқарушылар спорттың бірнеше түрінен бақ сынайды. Олар биік мұнараға жылдам көтеріліп, кедергілер жолағынан өту және өрт ошағына су шашу бойынша өзара мықтыны анықтайды. Жарыста қатысушылардың кәсіби шеберлігімен қатар ептілігі, шапшаңдығы мен төзімділігі сыналады. Чемпионат қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен спортшылар қараша айында өтетін әлем чемпионатында Қазақстан намысын қорғайды.

Дәурен Данаев, төреші:

- Жаңа бірінші кезең болды. Бірінші кезеңде есепке жұмыс істейді, өздерінің командалары үшін нәтиже көрсетеді. Ал екінші мүмкіндіктерінде жартылай финалға, финалға шығуға тырысады. Жаман емес, дайындық биыл көрініп тұр. Осы чемпионаттың қорытындысы бойынша ерлер құрамасынан 10 спортшы, екінші 10 адам әйелдердің ұлттық құрамасына іріктеледі.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz