Қазақ тазысының келісті мүсін сыр сымбаты ғана емес, желмен жарысқан жүйрік әрі ақылды ит екенін әлем мойындап келеді.
Былтыр Финляндия астанасы Хельсинкидегі Халықаралық кинология федерациясының «World Dog Show» дүниежүзілік көрмесінде 25 мың иттің ішінен барлық аталым бойынша үздік шыққан еді. Бұл байқауға елден 8 тазы барған, соның 5-еуі жүлделі болды. Бұл ғана емес, Италияда бүкіләлемдік көрмеде де тазы жүлделі болды. Бұл байқауға үш аталым бойынша 12 тазы барған.
Дүниенің түкпір-түкпірінен 31 мың иттің ішінен 12 тазы бірдей жүлде алды. Сөйтіп халықаралық көрмелерде бәйгенің алдын алып, кинологтарды таңдай қақтырған қазақтың құмайын көруге асыққан жұрт көбейді.
Елде таза қанды тазы тұқымын өсіріп, көбейту міндеті тұр. Соның бір айғағы – бүгінгі датаның қазақ тазысы күні болып бекітілуі.
Тегтер #Қазақ тазысы #жаңалықтар #24KZ #кинологияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz