Қазақы ит тұқымдары ұлттық орталығының құрылысы аяқталуға жақын.
Мұны Президент кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров өз жазбасында мәлімдеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тазы тұқымын сақтап, көбейтуге және оны халықаралық деңгейде насихаттауға айрықша мән береді. Кейінгі жылдары бұл бағытта жүйелі жұмыс атқарылды. Тиісті заң қолданысқа енді. Біздің ел Халықаралық кинология федерациясына қабылданды. Екі жыл бұрын қазақ тазысы халықаралық деңгейде алдын ала мойындалды. Қазақстан осы тұқымның шыққан жері ретінде ресми түрде бекітілді. «Бүгінде құмай тазыларымыз әлемдік ірі көрмелерде жүлделі орындар алып жүр. Асыл тұқымды итті көбейту қарқын алып, тазы асыраушылар қатары артып келеді», -делінген жазбада.
Тегтер #қазақы #ит тұқымдары #ұлттық орталық #құрылысыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz