RU
Толық нұсқаға өту
фото: polisia.kz

Павлодарда екі тұрғынның үйінен 60 келіге жуық марихуана табылды

03.09.2026, 11:52 34

Павлодар облысында есірткіні аса ірі мөлшерде өткізуге қатысы бар деген күдікпен екі адам ұсталды, деп хабарлайды 24KZ.

Жедел-іздестіру шараларын облыстық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жүргізген.

Павлодар қаласында ұсталған екі күдіктінің үйіне жүргізілген тінту кезінде жалпы салмағы шамамен 60 келі кептірілген марихуана табылып, тәркіленді. Сонымен қатар олардан ақша, ұялы телефондар, банк карталары және түрлі құралдар тәркіленген.

 

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде есірткі заттарын өткізуге қатысы бар екі адам ұсталды. Олардан аса ірі мөлшердегі есірткі тәркіленді, – деді Павлодар облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Ғабит Қабдрахманов.

 

Сот санкциясымен күдіктілер қамауға алынды. Қазір полиция олардың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz