RU
Толық нұсқаға өту
gov.kz

Алматылық 20 сарбаз ҰҚК Шекара қызметі қатарына аттанды

03.09.2026, 15:54 41

Күзгі әскерге шақыру науқаны қарқын алған тұста Алматы қаласынан отан алдындағы борышын өтеуге аттанған алғашқы лек салтанатты түрде шығарып салынды. Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің шақыру пунктінде Шекара қызметінің қатарын толықтыратын 20 азаматқа ақ жол тіленіп, еліміздің түкпір-түкпірінен әскерге шақырылатын жастардың алғашқы толқыны жолға шықты. Биыл күзде бұл мегаполистен бір мыңнан астам жас жігіт мерзімді әскери қызметке аттанады деп жоспарланған, деп хабарлайды «24KZ».

Салтанатты шара барысында сөз алған Алматы қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары подполковник Нұржан Естаев жас сарбаздарға сәттілік тілеп, жүрекжарды лебізін білдірді:

Бүгін біздің жігіттер азаматтық және әскери борышын өтеуге аттанып барады. Олардың әрқайсысы үшін бұл – тәртіпті, батылдықты және жауапкершілікті талап ететін өмірдің жаңа кезеңі. Олардың әскери қызметті абыроймен өткеріп, өмірлік тәжірибе жинақтап, ер-азамат болып елге оралатынына сенімдімін, – деді ол.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz