Ғалымдар ана тілімізді түбірімен зерттеп, дәйекті деректер енгізуге еңбек етті.
Бұл халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы мен OpenAI компаниясының бірлескен жобасы. «Аталған бастама Вашингтонда жасалған келісімнің жемісі», - дейді мамандар. Жоба аясында қазақ тілінің мәтіндік құрылымы 14 млрд токенге толтырылды. Қазақ тілінің тарихынан бастап, шетелдегі қазақ диаспораларының тілдік мұрасы қамтылды. Осылайша қор білім, ғылым, технология, экономика, құқық, медицина, тарих, этнография, медиа және балалар контентімен толығып отыр. Ал, аудиодеректер қоры 12 мың сағатқа жетті. Қазақ тіліне бейімделген транскрипция дәлдігі 98%-ға дейін артқан. «Ендігі меже – іскерлік, құқықтық және техникалық тұрғыда ана тілін жасанды интеллект әлемінде жандандыру», - дейді мамандар.
Рауан Кенжеханұлы, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті:
- Осыларды біз OpenAI-дың мамандарымен бірлесе отырып, жүйелеп, реттеп, сараптап, енді ChatGPT құралын қайта баптап жатырмыз. Соның арқасында бұл қазақ тіліне немесе қазақ тілінен аударма құралы ғана емес дәстүрімізге, тарихымызға, ділімізге қатысты сұрақтарға әлде қайда нақты, терең, әлде қайда мазмұн тұрғысынан бай жауаптар беруге қауқарлы болады.
Тегтер #24KZ #қазақ тілі #Ана тілі #цифрлық кеңістікPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz