RU
Толық нұсқаға өту
@enbekgovkz

Ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін 32 мың нысан толық бейімделді

04.09.2026, 10:27 40

Қазақстанда ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға қолайлы жағдай жасау мақсатында 32 мыңнан астам әлеуметтік нысан мүгедектігі бар адамдар үшін толығымен бейімделді, деп хабарлайды «24KZ».

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінше, биылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша еліміз бойынша 32 802 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны осындай талаптарға сай келтірілді. Жалпы алға жоспарланған межеге сәйкес, 2026 жылдың соңына дейін барлығы 34 573 нысанды кедергісіз ортаға айналдыру көзделген.


Мұндай нысандардың қатарында білім беру және денсаулық сақтау ұйымдары, мәдениет мекемелері, мемлекеттік органдар мен ұйымдар, сондай-ақ сауда және қызмет көрсету нысандары бар.

Бұл жұмыс еліміздің барлық өңірінде 2025-2030 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының инклюзивті саясаты тұжырымдамасы, Жол картасы мен Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылып жатқан «Халықпен бірге» жобасы аясында жүргізілуде.

Нысандарды бейімдеу кезінде мүгедектігі бар адамның ғимаратқа өз бетінше әрі қауіпсіз кіріп, оның ішінде еркін жүріп-тұруына және қажетті қызметтерді алуына жағдай жасауға баса мән беріледі.

Адамның нысанға келген сәтінен бастап қызмет алғанға дейінгі барлық жолы бағаланады. Яғни ғимаратқа іргелес аумақтан және кіреберістен бастап, қызмет көрсетілетін орынға дейінгі жағдай қаралады. Сонымен қатар ғимарат ішіндегі жүріп-тұру жолдары, санитариялық-тұрмыстық бөлмелер, ақпараттандыру және телекоммуникация құралдары тексеріледі.

24жаңалықтар2

Осылайша нысанның қолжетімділігі онда белгілі бір элементтің бар-жоғына емес, адамның сол нысанның қызметтерін өз бетінше және еш кедергісіз пайдалана алуына байланысты анықталады.

Халықты ақпараттандыру мен қоғамдық бақылаудың маңызды құралдарының бірі – «Қолжетімділіктің интерактивті картасы». Онда әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы нысандарының қолжетімділігі туралы ақпарат орналастырылады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz