RU
Толық нұсқаға өту
фото: depositphotos.com

Көкшетауда құны 70 млн теңге болатын 10 жер учаскесі мемлекетке қайтарылды

04.09.2026, 10:46 40

Көкшетауда жалпы ауданы 2,4 гектар болатын, құны шамамен 70 млн теңге 10 жер учаскесі мемлекетке қайтарылды. Жер телімдері заң талаптарын бұза отырып жеке компанияға берілген, деп хабарлайды 24KZ.

Көкшетау қаласының прокуратурасы жер заңнамасының сақталуына жүргізген талдау барысында заң бұзушылықты анықтаған.

Белгілі болғандай, қала әкімдігі Жер кодексінің 48-бабындағы талаптарды бұзып, коммерциялық мақсаттағы жер учаскелерін аукцион өткізбей заңды тұлғаға берген.

Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде заңсыз берілген 10 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.

Прокуратура жер учаскелерін беру заңдылығы мен олардың нысаналы пайдаланылуын бақылауда ұстайды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz