Конституциялық Сот жекелеген азаматтарды нотариаттық қызметтерге ақы төлеуден босату туралы норманың Конституцияға сәйкестігін тексереді. Сот тиісті өтінішті іс жүргізуге қабылдады, деп хабарлайды «24KZ».
Әңгіме Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» заңының 25-бабы 3) тармақшасы туралы болып отыр.
Өтініш иесінің пікірінше, азаматтардың жекелеген санаттарын нотариаттық әрекеттер жасағаны үшін төлемнен босату жекеше нотариустардың тиісті сыйақысыз қызмет көрсетуіне әкелуі мүмкін.
Сондай-ақ өтініш иесі мұндай талап жекеше нотариустар үшін кәсіби қызметін жүзеге асыру кезінде тең емес жағдай қалыптастырады деп есептейді.
Оның пікірінше, бұл норма жекеше нотариустардың конституциялық құқықтарына, соның ішінде теңдікке, жеке бас бостандығы мен қадір-қасиетіне берілетін кепілдіктерге әсер етуі мүмкін.
Конституциялық Сот істі қарау нәтижелері туралы ресми сайтында және Telegram-арнасында хабарлайтынын мәлімдеді.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #24жаңалықтар #24KZ #конституциялық сот #НотариусPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz